Чемпионаттың аяқталуына әлі бір тур бар, бірақ Маркос Пиззелли үшін Премьер-лига маусымы аяқталды. Ойыншы жоспарлы қаралымнан өтіп болған соң Армения ұлттық құрамасы сапында ЕУРО-2020 іріктеу турнирі ойындарына қатысады.Шабуылшы мен «ақ-қызылдар» арасындағы еңбек шарт мерзімі жақын арада бітеді. Маркос жолға аттанар алдында «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз-қызметіне сұхбат берді.-Маркос, үйіңе қайтар алдын жанкүйерлерге бір-екі ауыз сөз айтсаң?

-Менің көңілім жабырқаулы. Қимай кетіп барам. Басшылықпен келесі маусым жайлы келіссөздер басталып кетті. Әрі қарай қалар боларын білмеймін, бірақ биыл енді Ақтөбеге қайтып келе алмаймын.Клубқа, қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бұл маусым біз үшін өте қиын өтті, бірақ мен үшін таңғаларлықтай да дүниелер болды – команда соңғы орында келе жатыр, ал стадион көрерменге лық толы. Мен карьерамда бұндайды алғаш рет көруім. Мен бұл стадионды, атмосферасын, ойынға келіп, бізге дем берген әр адамды сағынатын боламын. Баршаңызға көп рахмет. Өздеріңіз білесіздер, менің жасым 35-те, мен ауыр жарақаттан енді айықтым. Маған әрдайым сенім білдіріп, қолдау көрсетіп келген Самат Смақовқа, кеңсе, база қызметкерлеріне, бапкерлік штабқа, әкімшілер мен медициналық штабқа, командаластарыма, бірлесіп жұмыс атқарған барша жандарға алғыс айтамын. Мен Орталық стадионды, жанкүйерлерді сағынатын боламын.-«Ақтөбеге» қайтып келуге мүмкіндік бола ма?

-Мен отбасымды, үйімді сағындым. Отбасыммен ақылдасып, бір шешімге келеміз. Мүмкіндік бар, бірақ азғантай ғана.