Мадридтік «Реалдың» бұрынғы футболшысы Гути испаниялық «Альмерия» клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда Испанияның екінші дивизионында өнер көрсетеді.

Клубтың ресми Twitter парақшасында «Қош келдіңіз, Гути», - делінген.

Гути футболшы мансабын аяқтаған соң «Реалдың» жастар құрамында бапкерлік етті. Сонымен қатар, түркиялық «Бешикташ» командасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.