Андрей Карпович командалық жиынға қатыспағанымен, ұлттық құрамаға шақырту алды, деп хабарлайды uefa.com.

Бұған дейін мұндай құрметке құрама сапында үш жыл ойнамаған қазақстандық футболдың аңызы Самат Смақов ие болған. Алайда жасының келгеніне қарамастан Самат Қырғазстан мен Латвия құрамаларына қарсы кездесуде лайықты өнер көрсетті.

Ал «Атыраудың» ойыншысы Андрей Карпович бұл туралы қысқа жауап берді:

- Көп сөйлегім келмейді. Командаға көмектескім келетінін ғана айтайын, бұл үшін бар күшімді саламын.