Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан мен Чехия кездесуінде Орхан Гусейнзаде қазылық етеді. 

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш кездесу 13 қазанда «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұған дейін қазақстандық ұжым әлем чемпионатының қола жүлдегері Голландия құрамасымен кездесу үшін Амстердамға қонаққа барады.