Жұлдыздар кездесуінің алдындағы Әлем құрамасы футболшыларының қатысуымен өткен баспасөз-мәслихатын назарларыңызға ұсынамыз.

Фабио Капелло: 

- Осында келгеніміз үшін қуаныштымыз. Ойын қызықты өтеді деген ойдамын. Жанкүйерлердің көңілі толса болды.

Паоло Мальдини:

-Мағанда бұл жер өте қатты ұнады. Жағымды. Ойын бүгін стадионға келген барлық көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын.

Андрей Шевченко:

- Кеш жарық. Бірінші кезекте «Қайрат» футбол клубының 60 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді. Сіздердің клубтарымыз менің жадымда үлкен құрметпен сақталды. Менің жақын досым Қайрат Боранбаев үшін өте қуанышытымын. Еліңіз бен «Қайратқа» үлкен табыстар тілеймін. Бұл жерде болған маған ұнады. Көбімен бірге және қарсы ойнағанмын. Егерде әлем құрамасы ойыншыларының ұтып алған жүлделерін есептесек, 28 Чемпиондар Лигасының Кубогы, 4 әлем Кубогы шығады және осы матчқа 4 Алтын доптың иегері қатысады. Ойыннан ләззат алыңыздар.

Луиш Фигу:

- Бәріне кеш жарық. Мен де бұл жерде болғанымен қуанышты екенімді айтқым келеді. «Қайрат» басшылығы мен осы ойынды ұйымдастырушыларға ризалығымды білдіргім келеді.  Мен Қазақстанға осымен екінші рет келдім. Біріншісінде Астанада, екіншісінде Алматы қаласында. Ойын сіздерге ұнайды деген ниеттемін.