Ресейде ерлер командалары арасында су добынан Ресейдің ашық чемпионаты өтіп жатыр. Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып, назарларыңызға чемпионаттың жетінші турындағы Қазақстан командасының нәтижесін ұсынады.

Қазақстан командасы жетінші тур аясында «Синтез» (Казань) командасымен кездесті. Нәтижесінде, қазақстандықтар қарсыластарына 19:4 есебімен жол берді. Екінші ойында «Синтез» Қазақтан командасын 12:7 есебімен ұтып кетті. Ресей ашық чемпионатының сегізінші туры Мәскеуде 22-23 қараша күндері өтеді. Қазақстан командасы «Динамомен» кездеседі.