Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Сергей Ковалевтен тартып алған WBO чемпиондық белбеуінен бас тартпақ, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы мексикалықтың командасының өкілдері мәлімдеген.

«Сауль орта салмаққа оралады», - дейді «Канелоның» командасы.

Еске сала кетейік, «Канело» Ковалевті он бірінші раундта нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белдігін тартып алды. Нәтижесінде мексикалық боксшы төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды.