«Тобыл» - «Астана» (0:1) арасындағы матч соңында қостанайлық команда бас бапкері Тимур Оразов кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- Бүгінгі кездесуде жеңіліп қалғанымыз өте өкінішті. Екінші таймда ойын басымдығына ие болып, гол соғатын мүмкіндіктеріміз болған. Алайда, шабуылды дұрыс түйіндей алмадық. Ойын нәтижесіне қарамастан, соңына дейін командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын.