«Қайрат» клубының жаңадан ашылған футбол Академиясына қазақстандық аңыз футболшы Тимур Сегізбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты

Академияның ашылуына «Қайраттың» ардагерлері, қала әкімі Ахметжан Есімов келіп, ел алдында өз тілектерін білдірді. Сосын Тимур Сегізбаев ашылу салтанатына келген барлық қатысушыларға ыстық тілегін жолдады. Соңынан Тимур Сегізбаевтың аяқ іздері басылған тас мүсінді көрсетті.