Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 32-тур ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.

Ақтөбеде жергілікті команда қарағандылық «Шахтерді» қабылдады. Тартысты өткен матчта алаң иелері жеңіске жетті.

«Ақтөбе» - «Шахтер» - 3:2

Голдар: 29 Кицак, 35, 61 Айымбетов – 46 Пешич, 58 Режиналдо

Ескерту алғандар: Жасанов – Пайруз, Шкодра

«Атырау» мен «Ордабасы» арасындағы матчта қонақтар жеңіс тойын тойлады.

«Атырау» - «Ордабасы» - 1:2

Голдар: 12 Гржельчак – 42 Жоау, 87 Щеткин, 90+3 Бадибанга

Ескерту алғандар: Досмағамбетов (О), Жаңғылышбай (О)

Алаңнан қуылғандар: Алекс

Алматылықтар масқара болып жеңілді және чемпиондықтан үміт үзді. Күні бұрын ғана «Астана» командасы павлодарлықтарға «Қайратты» жеңген жағдайда ірі көлемде сыйақы бермек болғаны туралы қауесте желдей ескен еді.

«Ертіс» - «Қайрат» - 5:0

Голдар: 38 Сағынаев, 66 Манзорро, 81, Стаменкович, 87 Кеңесов, 90+2 Фонсека

Ескерту алғандар: Витас, Георгиевич, Манзорро – Әбікен, Миканович

«Оқжетпес» - «Жетісу» - 1:1

Голдар: 78 Жұмаханов – 75 Тошев

Ескерту алғандар: 10 Димов, Дмитриев, Кислицын - Ибраев

«Тараз» - «Қайсар» - 2:1

Голдар: 11 Сүлей, 45+3 Шадманов – 30 Букия

Ескерту алғандар: Розыбакиев, Лобжанидзе – Ламанже, Тағыберген, Гурман

Турдың орталық матчы Қостанайда өтті. Нұрсұлтандықтар 1:0 есебімен жеңіп, қатарынан алтыншы рет Қазақстан чемпионы атанды

«Тобыл» - «Астана» - 0:1

Гол: 37 Логвиненко

Ескерту алғандар: Нұрғалиев (Т), Себай (Т)