Бүгін Қазақстан чемпионатының 32-тур ойындары өтеді.

Ел біріншілігі мәресіне жетуге аз қалды. Сол себепті барлық ойындар бір уақытта басталады.

«Тобыл» мен «Астана» матчын Qazsport арнасы көрсетсе, қалған бес ойында ҚКФЛ-ТВ жобасынан көре аласыздар.