Инчхондағы жазғы Азия ойындарының әйелдер арасында 50 метрден қашықтықтан үш түрлі позициядан винтовкадан ату турнирінде Қазақстан құрамасы үздік үштікке кірді.

Ольга Довгун, Елизавета Лунина мен Александра Малиновскаядан құралған Қазақстан командасы 1727 ұпай жинады.

Ал алтын жүлдені қазақстандықтардан 10 ұпайға көп жинаған Қытай қыздары алды. Күміс медаль болса, 1734 ұпаймен Оңтүстік Корея құрамасының мойнында кетті.