Лас-Вегаста WBO тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағына таласатын ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасатын боксшылар да салмақ өлшеу рәсімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ковалев – «Канело» андеркардында әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8КО) Мексиканың былғары қолғап шебері Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) кездеседі. Бәске орта салмақтағы World Boxing Council United States (USNBC) чемпиондық белбеуі қойылған.

Жекпе-жек алдында қарсыластардың салмақтары 160 фунтты көрсетті.

Еске сала кетелік, Оливастың алдыңғы қарсыласы да қазақстандық боксшы болатын. Жәнібек Әлімханұлымен WBC Continental Americas төбелескен мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан еді.