Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы теннис матчын тамашалады, деп хабарлайды inform.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жарыс алдында әйгілі теннисшілерді қабылдап, кездесу барысында олардың осы келісі еліміздегі теннистің бұдан әрі дамуы үшін маңызды екендігіне тоқталды.

Теннисшілер Қазақстанға келу олар үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Олар өздерінің клеуі және матч өткізуі біздің елімізде тенниске қызығушылықты арттыратынына сенімдерін білдірді.