WBC, WBO және WBA тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, сондай-ақ екі дүркін Олимпиада чемпионы Василий Ломаченко 2020 жылы Токиода өтетін Олимпия ойындарының құрметті амбассадоры атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Украиналық боксшы ХОК-тың бокстан іріктеу турнирлерін және Токио ойындарындағы негізгі бәсекелерді ұйымдастыратын жұмыс тобының құрамына кіріп отыр.

2020 жылғы Олимпиададағы бокс турнирі 25 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.