Регбиден Қазақстан әйелдер құрама командасы Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындықты бастады.

Бүгін регбиден әйелдер ұлттық құрамасы Гонконгта халықаралық оқу-жаттығу жиынын бастады. Оқу-жаттығу жиыны 1-інен 7-ші қарашаға дейін жалғасады.

Жаттығу жиыны аяқталған соң ұлттық құрама Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін жарысқа қатысады. 9-11 қараша аралығында өтетін дода 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу жарысы болып саналады.