25 қыркүйек күні Инчхондағы Азия ойындарында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов жүлдегерлер мінберінен көрінді.

94 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Алмас Өтешов жұлқа көтеруде 175 келі салмақ көтеріп, сайыстың бұл түрінен 1-ші орын алған еді.

Ал серпе көтеруде 218 келі көтеріп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

 

Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)

Ауыр атлетика. Ерлер. 94 келі.

1. Лю Хао (Китай) – 394 (173+221) кг

2. Алмас Өтешов (Қазақстан)) – 393 (175+218) кг

3. Ли Чанхо (Южная Корея) – 367 (160+207) кг