Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Нұр-Сұлтанда өтетін Олимпиаданың іріктеу турнирі логотипін бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Логотипті Қазақстан хоккей федерациясы жасап шыққан.

«Логотипте «Барыс Арена» мұз айдынының сұлбасы бейнеленген және оның мәні қазақстандық хоккейді білдіреді. Ұлттық дәстүрлі ою-өрнек ел мен халықтың бай тарихын ұлықтайтын қазақ қоғамының символы іспеттес», деп жазады ҚХФ.

Турнир 2020 жылдың 6-9 ақпанында өтеді. Жеңімпаз команда 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына жүлде үлестіретін финалдық іріктеу ойындарына қатысады.

Қазақстан құрамасы Н тобында Польша және Украина командаларымен ойнайды. Тағы бір құрама желтоқсанда белгілі болады.