Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Шарлоттсвилль қаласында өтіп жатқан Challenger турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

1 сағат 59 минутқа соызлған бәсекеде жерлесіміз ұарсыласын үш сетте жеңді.

Челленджер – ерлер. Жеке сайыс. Шарлоттсвилль. Хард. 1/8 финал

Дмитрий Попко (Қазақстан) – Денис Кудла (АҚШ) – 4:6, 7:6 (7:5), 6:1

Жартылай финал жолдамасы үшін Попко АҚШ-тың тағы бір өкілі Маркос Хиронмен сынға түседі.