Топтық турнирдің үшінші матчында баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Моңғолия командасына есе жіберді. 

Евгений Овсянников бұл ойында кейбір көшбасшыларға, дәлірек айтқанда Анна Винокурова мен Руфина Гаврилюкке демалыс берді. Нәтижесінде қазақстандық команда 53:79 есебімен жеңіліп қалды.

Десек те, Қазақстан құрамасы келесі раундқа жолдама беретін екінші орыннан төмендемейді. 

 

Моңғолия – Қазақстан 79:53 (24:16, 16:9, 25:9, 14:19)

Қазақстан: Кондракова (17), Осипенко (10), Бегун (7), Овечкина (6), Арзамасцева (5), Абдреупова (4), Туткишова (2), Демиденко (2)