Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінің бұрынғыдан өзгерек болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бұл жекпе-жек бұрынғыдан өзгерек болады. Біз дайынбыз. Бұйыртса, өздеріңіз күткеннен де қызық жекпе-жек тамашалайсыздар! Маған сенім артып, қолдап, жылы пікір жазып жатқандарыңызға көп рақмет. Сіздер болып, біз болып әлі әлемді шулатамыз. Біз QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз», - деп жазды Әлімханұлы Инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 39 жастағы канадалық Альберт Онолунос болмақ. Кездесуде Жәнібек орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғайды.