Германияда әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында мюнхендік «Бавария» мен шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шымкентте өткен бірінші матчта германиялықтар 5:0 есебімен жеңген болатын. Қарымта матчта да «Бавария» жеңіске жетті. Бірақ ірі есеп тіркелмеді - 2:0.

Германиялықтар сапында Карина Веннингер дубль авторы атанды.

Чемпиондар лигасы. Әйелдер. 1/8 финал. Қарымта матч

«Бавария» (Мюнхен, Германия) – «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент, Қазақстан) 2:0 (1:0)

«Бавария»: Шлютер, Хендрих, Веннингер, Лаудер (Симон, 60), Райли, Шкорванкова (Корли, 68), Лойпольц, Ломанн, Бееренштейн, Дамьянович (Деманн, 46), Рользер.

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Маккарти, Роуз, Шебель, Денесик, Құлмағамбетова (Вильданова, 89), Илич, Бабшук, Зулу (Реубен, 83), Кундананджи, Габелия.