Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) алда үлкен жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді.

- Бұл чемпиондық жолдың тек басы ғана! АЛЛА жазса, үлкен асулар күтіп тұр!, - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні Батыр Канаданың Монреаль қаласында мексикалық Мигель Васкесті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын, соның арқасында орта алмақтағы WBA Intercontinental және IBF Inter-continental белбеулерін жеңіп алды.