Каталондық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Иван Ракитич қысқы трансферлік кезеңде командасына «Атлетикоға» ауысуы мүмкін.

Marca басылымының мәліметінше, 31 жастағы ойыншы клубтың басшылғымен жолығып, командадан кетуге рұқсат алған. Ракитичтің «Барселонадағы» жағдайы көңілінен шықпайтын көрінеді. Ал мадридтік «Атлетиконың» өкілдері ойыншымен кездесіп, келісімшарт бойынша келіссөз жүргізген.

Биылғы маусымда Иван Ракитич Испания чемпионатында бар болғаны 6 матчта алаңға шыққан. Қазіргі таңда Хорватия құрамасының ойыншысына ПСЖ, «Манчестер Юнайтед» пен «Интер» қызығушылық танытып отыр.