7-12 қаңтар күндері Тайландтың Нахонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы құрлықтық іріктеу турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталған додада 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама таратылады.

Іріктеу сынында екі топқа бөлінген жеті команда сынға түседі. «А» тобында Тайланд, Қытайлық Тайпей және Австралия, «В» тобында Оңтүстік Корея, Қазақстан, Иран және Индонезия бақ сынайды.

Бірінші ойынды қазақстандықтар Иранға қарсы өткізсе, екінші кездесуде Индонезия, үшінші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасымен жолығады.

Құрлықтық іріктеу сынында бір жолдама сарапқа салынатындықтан, тек жеңіске жеткен команда ғана Токио Олимпиадасына лицензия иеленеді.