Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы «алтынын» Александр Недовесов, Михаил Кукушкин және Андрей Голубев салды.

Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында теннистен Қазақстан ерлер құрамасы қытайлық спортшыларды 2:0 есебімен ұтты.

Финалдық кездесулерін Александр Недовесов пен Михаил Кукушкин жеңіспен аяқтады.