Ел чемпиондары елордада жергілікті «Астанадан» матч соңындағы пенальтиден басым түсті.

Есепті алғаш болып Владимир Газзаевтың шәкірттері пенальтиден ашты. 20-шы минутта Владимир Логиновский ереже бұзып, оның иелігіне 11 метрлік айыпдобы белгіленді. Маркос Пиззели мүмкіндігін сәтті орындады. Алайда бірінші таймның соңына таман Таңат Нөсербаев қақпа маңдайшасынан кері қайтқан допты бос қақпаға тоғыта салды. Бұданк кейін негізгі және қосымша уақытта гол соғылмады. Матч тағдырын ойын соңындағы пенальтилер сериясы шешті. 

Пенальтиде «Ақтөбенің» мерейі үстем болды. Есеп - 4:3.

 

Қазақстан Кубогы. Жартылай финал. Қарымта кездесу

«Астана» - «Ақтөбе» - 1:1 (1:1). Пенальти сериясы - 3:4.

Голдар: Нөсербаев 41 - Пизелли 20 (пенальти)

Пенальти: Горячий - соқты Хайруллин - соқты, Мужиков - соқты, Тагыберген - соқпады, Постников - соқпдыы, Антонов - соқты, Жуков - соқпады, Арзуманян  - соқпады, Кояшевич - соқты, Пизелли - соқты

«Астана»: Логиновский, Пикалкин (Құлбеков 105), Постников, Дмитренко, Горячий, Бейсебеков (Халезов 86), Жуков, Мұжықов, Ринат Хайруллин, Кояшевич, Нөсербаев (Попадинец 70)

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Мирошниченко, Пиззелли,Марат Хайруллин, Неко, Тағыберген, Коробкин (Царикаев 44), Логвиненко (Арзуманян 26), Сантана, Зенькович (Антонов 84)

Төрешілер: Акмалхан Холматов (Қызылорда), Семен Журавлев (Павлодар), Рустам Суюнов (Павлодар)

Ескерту: Горячий 62

24 қыркүйек 2014 жыл. Астана. «Астана Арена».