Футболдан Жапония чемпионатындағы «Монтедио Ямагата» мен «Эхиме» командалары арасындағы матчта (3:0) тосын жағдай орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1:0 есебімен жеңіп жатқан алаң иелері бір минуттың ішінде екі рет алаң ортасынан гол соқты! Шун Накамура (61 мин) мен Тацухиро Сакамото (62 мин) керемет голдардың авторлары атанды. Екі футболшының алыстан тепкен добы голға айналды.
Соғылған голдардың видеосын тамашалаңыздар.