Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы - Инчхондағы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Бұл турнирдің соңғы матчында Жапония құрамасы Сингапур командасын 25:2 есебімен жеңгеннен кейін анық болды.

Азиаданың алтын жүлдесін Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония күміспен күптелді. 

Азия ойындарында Қазақстан құрамасын қорғағандар: Александра Жаркова, Наталья Шепелина, Айжан Ақылбаева, Анна Турова, Кәмила Закирова, Анастасия Миршина, Замира Мырзабекова, Оксана Сайчук, Әсел Жақаева, Марина Гриценко, Наталья Александрова, Аружан Егембердиева және Кристина Красикова.