Qazsport телеарнасы Сауль «Канело» Альварес пен Сергей Ковалевтің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz арнаның инстаграмына сілтеме жасап.

Алдағы жекпе-жек 3 қарашада таңертең Лас Вегас, Невада штаты MGM Grand Garden Arena-да өтеді. Qazsport телеарнасы бокс кешінен тікелей трансляцияны Нұр Сұлтан уақытымен сағат 06:25-те бастайды. Жеңіл салмақтағы WBO титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, 29 жастағы Альварес алғаш рет жартылай ауыр салмақта жұдырықтасады. Сонымен қатар, мексикалықтар MGM аренасында 2014 жылдың шілдесінен бері өнер көрсеткен жоқ болатын. Осы жылдың мамыр айында «Канело» төрешілердің шешімімен Дэниэл Джейкобсты жеңді. Ковелев болса, WBO титулын тамыз айында сәтті қорғады.