Инчхондағы Азия ойындарында баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы топтық турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Тек бірінші партияда ғана Гонконг командасы қазақстандықтарға қарсылық көрсете алды, алайда қалған үшеуінде Евгений Овсиянников шәкірттері қарсыласына мүмкіндік қалдырмады. Ақтық сирена 81:53 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісін тіркеді. 

Гонконг – Қазақстан 53:81 (18:19, 9:17, 14:25, 12:20)

Қазақстан: Винокурова (21, 15 подборов), Кондракова (17), Демиденко (10), Гаврилюк (8), Иванова (6), Абдреупова (4), Бегун (4), Карнова (1).