Инчхондағы Азия ойындарының соңғы матчында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайға жол берді. 

Қытайлық команда екі кезеңнен соң 8:4 есебімен алға шығып, ойынның тағдырын шешіп тастады. Үшінші партияда қазақстандықтар есеп айырмасын қысқартқанымен, жалпы есепте Қытай құрамасы 11:6 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан – Қытай 6:11 (1:3, 3:5, 2:1, 0:2)

Қазақстан: Жаркова, Красикова (қақпашылар); Шепелина, Ақылбаева, Турова (2 гол), Закирова, Миршина (1), Мырзабекова, Сайчук, Жаөаева (1), Гриценко (2), Александрова, Егембердиева.