«Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасов «Ақтөбеге» қарсы кездесуде покер авторы атанса, команда 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, 32 жастағы футболшы клуб тарихында бір ойында «Астана» үшін төрт гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Айта кетейік, Томасов осы покердің арқасында 2019 жылғы ҚПЛ сұрмергендер тізімінде жеке дара көш бастады.