Инчхондағы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі екінші кездесуінде қазақстандық баскетболшылар Қытай құрамасына жол берді.

Қытайлық баскетболшылар алғашқы екі партиядан кейін-ақ ойын тағдырын шешіп тастады - үлкен үзіліске кеткенде командалардың арасында 27 ұпай болды. Қазақстандықтар қалған екі партияда жеңгенімен жалпы есепте қарсыласынан ұзап кете алмады. 

Қазақстан – Китай 59:76 (7:19, 5:20, 22:15, 25:22)

Қазақстан: Пономарев (11), Гаврилов (10), Марчук (9), Сұлтанов (9), Климов (7), Лапченко (5), Мырзағалиев (4), Колесников (4).