«Астана» мен «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесуде бес бірдей гол соғылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алаң қожайындары қонақ команданың қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Оның төртеуі Марин Томасовқа тиесілі.

«Астананың» ойыншысы 22, 44, 48, 56 минуттарда көзге түсіп, Премьер-лиганың биылғы маусымындағы алғашқы покер авторы атанды.