Оңтүстік Кореяның Тхонъён қаласында триатлоннан әлем Кубогы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Өкінішке қарай, Қазақстан атынан қатысқан Аян Бейсенбаев, Семен Пивоваров және Дарын Қонысбаевтар жоғары нәтиже көрсете алмады.

Бейсенбаев 47-ші, Пивоваров 57-ші, Қонысбаев 58-ші орыннан көрінді.

Ал әлем Кубогы кезеңінде америкалық Мэттью МакИлрой жеңіске жетті. Екінші орында Дэвид Кастро Фахардо. Үздік үштікке тағы бір америкалық Кевин Макдауэлл енген.