Тәжіребиелі шабуылшы Денис Клемешов «Ақтөбе» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Shaiba.kz порталына сілтеме жасап.

Аталмыш маусымда 35 жастағы хоккейші петропавлдық «Құлагерде» ойнап бастаған. Қазақстан чемпионаты аясында өткізген 15 матчта бір нәтижелі пас берген. Пайдалылық коэффициенті - «-5».