«Астана» - «Ақтөбе» арасындағы кездесу соңында ақтөбелік команда бас бапкері Александр Седнев ойын туралы пікірмен бөлісті:

- Бүгінгі ойынға ерекше пікір білдіргім келмейді. Қарсылас команда лайықты жеңіске қол жеткізді.

- Абат Айымбетов неліктен алаңға шыққан жоқ?

- Ол жақында ғана жарақаттан жасыл алаңға оралды. Үйдегі ойында оған мүмкіндік берсек, жасанды алаңда тәуекелге барғымыз келген жоқ.

- Бағдат Қайыровты алмастыруыңыздың себебі неде?

- Менің ойымша ол бүгін сәтсіз матч өткізді. Оған қоса оның үш сары қағазы болғандықтан, оның позициясына өзгеріс енгізу қажет деп шештік.