"Астана" Премьер-Лига аясында "Ақтөбені" қабылдап, 5:0 есебімен тас талқан етті. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- Бүгін алаңға шыққан барлық футболшыларға, ойынға толықтай көңілім толды.

- Бүгінгі кездесуде барынша көп гол соғу жоспарларыңызда болды ма, әлде, күштеріңізді сақтап ойнадыңыздар ма?

- Дәл қазір бізге күшімізді аяп қалатын сәт емес. Бұл туралы ойын алдында футболшылармен сөйлескен болатынбыз. Өз алдымызға қойған мақсатымызға жеткіміз келсе, ең жоғары деңгейдегі ойын көрсетуіміз қажет. Әрине, біз арқашан көп гол соққымыз келеді. Оның тек оң тұстары бар.

- Команда чемпионаттың соңына физикалық тұрғыда дайын ба?

- Біз физикалық тұрғыда толықтай дайынбыз. Біздегі қиындық – футболшылардың санында болып тұр. Көп ойыншылар жарақат алып қалғанынын жақсы білесіздер. Дегенмен, чемпионаттың соңында жігіттер барынша тырысып, өздерінің ең жоғарғы деңгейлерін көрсетеді деген сенімдемін.

- Дидар Жалмұқан бүгін алаңда барын салды. Оның болашақта "Астананың" негізгі ойыншысы атанатын мүмкіндігі қаншалықты?

- Біз болашаққа болжам жасамаймыз. Мен осыған дейін айтқандай, Дидар өте талантты ойыншы. Бірақ, Сіз айтқандай негізгі құрам ойыншысы атану үшін, оған өте көп еңбектену қажет.

- "Ақтөбе" Бірінші Лигаға лайықты түрде түсті дей аласыз ба?

- Ақтөбеге жолыңыз түссе, ол жақта тамаша футбол атмосферасы, жақсы жанкүйерлер, сапалы алаң барын көресіз. Осы жағдайларға қарайтын болсақ, олардың Премьер-Лигадан ұшып кеткені өте өкінішті.

- Томасов жарақатынан толықтай жазылды ма?

- Бүгін өздеріңіз көргендей, ол алаңға шықты, гол соқты.

- Бүгін Янгаға демалыс бергенді жөн санадыңыз ба?

- Біз сіздер көргендей шешім қабылдадық. Басқа айтарым жоқ.