Еуропа лигасы топтық кезеңі аясында өткен «АЗ Алкмаар» — «Астана» (6:0) матчына 8 мыңнан астам көрермен келген.

Матчты стадионнан тамашалаған жанкүйерлердің нақты саны - 8 123 адам. Ойын өткен «Карс Джинс» стадионы 15 мың көрермен сыйдыра алады.

Биылғы мауысымда «Астананың» «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчында 50 783 жанкүйер болып, ең жоғарғы көрсеткішті тіркеді.