Қазақстандық боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондокваға қарсы жекпе-жекте қолы сынған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Prosports.kz порталына келіп түскен ақпар бойынша Қанат Ислам жетінші раундта қолын сындырып алған. Қалған төрт раунд бойы боксшыға сынық қолмен жұдырықтасуға тура келген.

Соған қарамастан қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін Қанат Исламға рентген сәулесіне түсіріліп, гипс тағылды.