Шпагадан ерлер арасындғы командалық Азия чемпионатында Қазақстан күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Финалдық кездесуде қазақстандық семсерлесу шеберлері Оңтүсік Корея өкілдеріне 45:36 есебімен жол берді.

Қазақстан ерлер командасы финалға дейін Вьетнам құрамасын 45:33 есебімен, жартылай финалда Тайланд командасын 45:32 есебімен ұтқан болатын.

23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан додада Қазақстан құрама сапынан ел намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Александр Савин және Кирил Павлов қорғады.