Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жарақатына байланысты Cup of China турниріне қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport24 порталына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарақатына байланысты қыркүйекте өткен Lombardia Trophy турниріне қатыса алмаған болатын. 19 жастағы спортшы қыз осы маусымда Қытайдағы Shanghai Trophy турниріне қатысып, екінші орын иеленді.

Аталмыш сайыстан кейін Лас-Вегаста өтетін Skate America турниріне қатыса алмайтынын мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Cup of China турнирі 8-10 қараша аралығында өтеді.