Қазақстандық боксшы Арман Рысбек мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Арман алғашқы раундта өзбекстандық боксшы Мухидтин Раджапбаевты нокдаунға түсірді. Жекпе-жек жалғасқанымен, қазақстандық боксшы қарсыласын сабап тастады. Мухидтиннің бұрышы жекпе-жекті тоқтатуды өтініп, Арман жеңіске жетті.

Шаршы алаңдағы жұдырықтасу 58 секундқа ғана созылды.

Асқар Ерубек украиналық боксшыны жеңді.