«Қыран» футбол клубы Қазақстан Бірінші лигасының 25-ші турындағы ойынға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен қатар, «Қыран-Ж» командасы да Екінші лиганың 35-ші туры аясындағы матчқа бармайды.

Шешім қаржылық қиындықтармен байланысты.

Еске сала кетейік, 27 қазанда «Қыран» «Алтаймен», ал 28 қазанда «Қыран-Ж» «Атырау» жастар командасымен кездесуі керек болатын.