Бүгін, 26 қазанда «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын сырт алаңда өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команданың бүгінгі қарсыласы Қазанның «Ак Барсы».

Елордалық клубтың үш ойынға созылатын қонақтағы сериясы Беларусь астанасында басталған болатын. Ол ойында «Барыс» жеңіске жеткен. Ал одан кейін Ярославльда жергілікті «Локомотивке» жол берді. Енді бүгін сырт алаңдағы соңғы ойындарын өткізгелі отыр.

«Ак Барс» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.