Ағылшын Премьер-лигасының 10-турында лестерліктер жауапсыз тоғыз гол соқты, деп жазады Prosports.kz.

Джейми Варди мен Айозе Перес хет-трик жасаған матчтың 12-минутында Бертранд алаңнан қуылған. Дегенмен қонақтар сол кездің өзінде-ақ 1:0 есебімен жеңіп жатқан болатын.

Англия чемпионаты. Премьер-лига

10-тур, 25 қазан

«Саутгемптон» – «Лестер» – 0:9

Гол соққандар: Чилуэлл, 10, Тилеманс, 17, Перес, 19, 39, 57, Варди, 45, 58, 90+4, Мэддисон, 85.

«Саутгемптон»: Ганн, Бертранд, Вестергор (Стивенс, 46), Йосида, Беднарек, Валери (Армстронг, 70), Ромеу, Уорд-Проуз, Хейбьерг, Редмонд, Ингс (Дансо, 46).

«Лестер»: Шмайхель, Эванс, Рикарду Перейра, Чилвелл, Чаглар Сеюнджю, Тилеманс, Ндиди, Барнс (Олбрайтон, 72), Мэддисон, Варди, Перес (Грэй, 74).

Алаңнан қуылғандар: Бертранд (Саутгемптон), 12.

Төреші: Марринер (Англия).

25 қазан. Саутгемптон. «Сент-Мэрис» стадионы.