Испан теннисшісі Рафаэль Надаль мен франциялық Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы кездесуге тек 100 мыңдық билеттер қалды.

Аталмыш кездесудің 100 мың теңге тұратын VIP-трибуналарға билет қалған, ал қалған билеттер қолды қолға тимей сатылып кеткен.

Айта кетейік, кездесу Астанада 25 қыркүйекте «Дәулет» теннис орталығында өтеді.