Украиналық былғары қолғап шебері Александр Гвоздик Ресей боксшысы Артур Бетербиевтен ұтылған соң, чемпиондық белбеуінен айырылды. Бетербиев қарымта кездесудің еш мәні жоқ екенін айтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шынымды айтайын, мені қарымта жекпе-жек мүлде қызықтырмайды. Кездесу өтті, мен оны бітірдім. Бәрін орындадым. Бұдан да тәуірірек жұдырықтасуға болар еді, дегенмен онымен қайта шығатындай ешқандай өкінішім жоқ».

«Ары қарай не болмақ? Ештеңе. Менің салмағымда белбеулерге ие екі боксшы қалды. Ал Гвоздикке осы жекпе-жекке келіскені үшін алғыс білдіремін», деді Бетербиев