Кикбоксингтен Босния және Герцеговина астанасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы ел назарын өзіне аударды.

Ақерке Наурызбаева жарысты ширек финалда аяқтады. Ол лоу-кик санатында Сербия өкілі Айле Лукачқа есе жіберді.

Дегенмен әлем чемпионатын тамашалауға келген жанкүйерлерге Ақкерке Наурызбаева ерекше киімімен есте қалды. Қазақстандық спортшы қорғаныш киімінің ішінен хиджаб киіп шыққан.